Қарағандылық тұрғын қонаққа барып, телефонынан айырылды
Қарағандылық тұрғын қонаққа барып, телефонынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 тамызда 57 жастағы қала тұрғыны Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне хабарласып, ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы шағымданды. Жәбірленуші танысының үйіне қонаққа барған, пәтерде үй иесінен бөлек танымайтын бөгде адамдар да болған. Қонақтан қайтар кезде ұялы телефонын таппай қалған әйел полицияға хабарласқан. Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрайды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жұмыстарын учаскелік инспекторлар жүргізіп, біршама уақыт ішінде олар күдікті 34 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.