Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 12 айыппұлы бар Ресейде тіркелген көлік анықталды

Атырауда 10-15 тамыз күндері аралығында “Шетел автокөліктері” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласының аумағында шетелдік тіркеуде тұрған көлік құралдарына қатысты тұрғындар тарапынан көптеген арыз-шағымдардың түсуіне және шетелдік тіркеудегі көлік құралдары жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың көбеюіне байланысты, көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол көлік оқиғаларының алдын алу, тағы басқа да жолда жүру ережелерінің өрескел бұзылуын анықтау мақсатында, 10-15 тамыз күндері аралығында  “Шетел автокөліктері” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның алғашқы екі күнінде әр түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзған 250-ге жуық шетелдік автокөлік жүргізушілері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бабтарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 70-ке жуық шетелдік тіркеудегі көлік құралдары бұрын жасалған құқық бұзушылықтары үшін салынған айыппұлдарды өтемегені үшін ҚР ӘҚБтҚ-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылды
Мысалы, 12 тамыз күні Береке мөлтек ауданында Ресей Федерациясында тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тексеру кезінде 28 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған 12 айыппұлды (жалпы сомасы 204 190 теңге) төлемегені анықталып, көлік құралы арнаулы тұраққа орналастырылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру