Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық тұрғыннан полицейлер синтетикалық есірткі мен оқ-дәрілер тәркіледі

Қарағандылық тұрғыннан полицейлер синтетикалық есірткі мен оқ-дәрілер тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаменті және Абай аудандық полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлерімен «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткі заттарын сақтау және сату күдігі бойынша 36 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.

– Күдіктінің үйіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында полиция қызметкерлері 100 орам пакет, электронды таразы сондай-ақ ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді заттар тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 76 грамм синтетикалық есірткі екені белгілі болды, – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Сондай-ақ, ұсталған азаматтың көлігін қарау барысында полиция қызметкерлері оқ-дәрілер тәркіленді. Оған қатысты баллистикалық сараптама тағайындалды.

Күдікті қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағы ( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша және ҚР ҚК-нің 287-бабына (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру