Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының ең үздік жедел уәкілі анықталды

Полиция қызметкері Ернат Абрахимов Жетісу облысының үздік жедел уәкілі болып танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарында 6 жылдан астам қызмет еткен Ернат, бүгінде бұл мамандықты таңдағанына еш өкінбейді. Еңбек жолы учаскелік инспектор лауазымынан басталып, кейіннен жедел қызметті таңдаған. Содан кейін мүліктік қылмыстарды ашу жөніндегі топқа ауысты.

– Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция элитасы деп саналады. Бұл, әрине, бекер емес – олардың жұмысы өте күрделі, ол көптеген психикалық және физикалық күш-жігерді қажет етеді. Жедел уәкіл – ол, патрульдік полиция қызметкері, учаскелік полиция қызметкері және тергеуші деп те айтуға болады. Биыл мен алаяқтыққа қатысты қылмыстарды ашу бөліміне ауыстым. Мұндағы жұмыс басқа бөлімдерден айтарлықтай ерекшеленеді. Қылмыскерді сіз көрмейсіз, оны бейнекамералардан таба алмайсыз, саусақ іздерін алу мүмкін емес. Барлығы тек онлайн режимінде. Әртүрлі бағдарламалар арқылы интернеттен қылмыскерлерді іздестіреміз. Мұнда аналитика көбірек талап етіледі, – деді Ернат.

Қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ол бірнеше рет басшылықтың грамоталарымен марапатталды. Бірақ ол айтқандай оның ең басты марапаты — оның отбасы. Қиын жұмыс күндері туралы айта келе  Е. Абрахимов үйдегі жайлылық қызметтен кейін демалып, тынығуға көмектесетінін мойындады. Ернат екі бала тәрбиелеп отырған қамқор әке, ұқыпты отағасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру