Қарағандылық ұры тұрғынның пәтерінен киімдер ұрлап кетті
Қарағандылық ұры тұрғынның пәтерінен киімдер ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 тамызда 28 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне жүгінді. Ол пәтерге кірген белгісіз біреудің спорттық костюм, кроссовка мен 17 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 47 мың теңгені құрайды. Анықталғандай, жәбірленуші көшеге шығып бара жатып, есікті жабуды ұмытып кеткен. Бұл жағдайды белгілі бір қылмыскер сәтті пайдаланған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК 188 -бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.