Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жүк көлігін тексеру кезінде 21 заң бұзушылық анықталды

Алматының жол полициясы қызметкерлерімен жүк көлігін тексеру кезінде бір күн ішінде 21 заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 тамызда қалада жүк көлігі жүргізушілеріне қатысты алдын алу іс-шарасы жүргізілді. Полиция жүк көлігінің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін, жүктерді тасымалдау ережелерін, көлік құралының техникалық жағдайының талаптарына сәйкестігіне жаппай тексеру жүргізді.
Жүк көлігі жүргізушілерінің жиі бұзушылықтары: ақауы бар немесе көлік құралын пайдалануға тыйым салынған жағдайларда да көлік құралын басқару.
Тексеру нәтижесінде бір күнде 21 бұзушылық анықталып, әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде:
590-бап 5-бөлім (Техникалық жағдай) – 11 бұзушылық.
590-бап 1-бөлім (МТНБ стандарт талаптарына сәйкес келмейді) – алты бұзушылық.
601-бап (Жол белгілері) – екі бұзушылық.
593-бап 1-бөлім (Жүктерді тасымалдау ережесін бұзу) – екі бұзушылық.
Алматы қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасы мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру