Қарағандылық жігіт бөтеннің шойыннан жасалған ваннасын ұрлап, сатып жіберген
Саранда жігіт бөтеннің шойыннан жасалған ваннасын ұрлап, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қазанда Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші әйел белгісіз біреу бақшаға кіріп, шойын ваннасын ұрлап кеткенін айтты.
Келтірілген шығын 30 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
9 қазанда криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрланған ваннаны металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырғанын түсіндірді. Қазір тергеу жүріп жатыр.