Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 11 қазанында сағат 12:00-де “Lada Granta” автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Маресьев көшесінде қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде көлік құралының толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендетпей, жолдың жүру бөлігін оңнан солға қарай кесіп өтпек болған 11 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендету керектігін ескертеді. Жол қозғалысының жас қатысушыларына аса мұқият болыңыз, баланың іс-әрекетін болжау мүмкін еместігін есте сақтаңыз, жүріс бөлігінде оларды байқаған сәтте жылдамдықты алдын ала төмендетіңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру