Қарақшы үш сағаттың ішінде ұсталды
2020 жылдың 13 қаңтарында Қостанай қаласы Складской көшесіндегі дүкенге қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-тергеу тобы күдіктіні дереу қолға түсірді. Күдікті Арқалық қаласының 19 жасар тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті дүкенге сатып алушы ретінде бірнеше рет келіп, жағдайды бағамдап отырған. Кезекті рет дүкенген енгенде адам жоқ екенін байқап, сатушыны пышақпен қорқытқан. Дүкеннен 25 мың теңге көлемінде ақшаны алып, оқиға орнынан лезде тайып тұрған.
Бұдан соң жәбірленуші полиция қызметкерлерін шақырады. Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында оқиға орнынан қылмыс құралы ретінде пышақ табылды. Полиция қызметкерлері 3 сағаттың ішінде күдіктіні ұстады. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.
Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне қылмысты жедел ашқаны үшін алғыс білдірді.