Қарақшылық шабуыл ашылды
Павлодар облысында қарақшылық шабуыл ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Екібастұз қаласында 2020 жылғы 16 желтоқсанда бетіне қара бетперде киген белгісіз ер адам микрокредиттік ұйымның бөлімшесіне басып кіріп, тапаншамен қорқытып, 65 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ ер адамнан пневматикалық тапанша тәркіленді. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.