Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қараусыз қалған балалар балконнан құлады

16-17 наурыз күндері Ақтөбеде балконнан құлаған балалардың екі дерегі орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 наурыз күні кешке Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесінде балконнан төрт жасар қыз құлап кетті. Шамамен сағат 19:45-те қыздың анасы үлкен қызымен бірге пәтерден қоқыс тастауға шығып, пәтерде 2015 жылы қызын және 2017 жылы туған баланы қалдырады.

Үйге келе жатқан кезде әйел балконнан құлап жерде жатқан қызын табады. Анасы жедел жәрдем шақырды. Үйге кіргеннен кейін, баланың легенге (тазик) мініп, анасын балконнан қараймын деп құлап кеткенін түсінді.

Бала ОБКА реанимациялық бөліміне «Мидың жеңіл дәрежедегі соққысы, кеуде қуысының жабық жарақаты, екі өкпенің соққысы, іштің жабық жарақаты, құйымшақ омыртқасының жабық сынуы, бірінші дәрежелі жарақаттық шок» диагнозымен жеткізілді.

Екінші жәйт, 17 наурызда Рысқұлов көшесіндегі бес қабатты үйдің балконынан 2017 жылы туған бала құлап кетті.

Мән-жайды анықтау барысында бала анасымен 41 разъезд Ясное ауылынан ағасына келгендігі анықталды. Анасы ас үйде кешкі ас дайындаған уақытта бала қонақ бөлмесінде жалғыз қалып, содан кейін балконнан өзі абайсызда құлап кетті.

Бала кеуде қуысының соққысы диагнозымен облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру