Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кімдер кіріп және шыға алады

ІІМ Ерлан Тұрғымбаев брифингте Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін қандай шаралар қабылданатыны туралы және кімдер карантин аймағына кіріп, шыға алатынын айтты,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік комиссияның тапсырмасына сәйкес 19 наурызда елордамен Алматыға карантин енгізілді. Бұл режимде вирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу шектеу шаралары жүзеге асырылады.

Карантинді қамтамасыз ету үшін көлік құралдарының карантин аумаққа кіруі мен шығуы адамдардың қозғалысы шектеледі. Алматы қаласындағы 27  арнайы блокпосттар орнатылды. Күн сайын 900-ден астам полиция мен әскери қызметшілер әскери қызмет атқарады.

Нұр-Сұлтан қаласында 7 жол жабық. Күзет құрамына 500-ге жуық полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер жұмылдырылған.

Сонымен қатар, тексерістен өту үшін санитарлық дәрігерлер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қызмет етеді, олар сол жерде қажетті шешімдер қабылдайды. Елорда және Алматы облыстарының аумағында посттарға жақындағанға дейін қосымша автокөлік патрульдік бригадалары қойылды. Олар қалалардағы өткізу пункттерінде көлік құралдарының жиналуын болдырмау мақсатында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізумен айналысады.

Еске салайық, карантиндік аймақтан шығуға қойылған шектеулер азаматтардың келесі санаттарына қолданылмайды:

– қаладан бұрын шыққан Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының тұрғындары 22 наурыз 00.00-ге дейін оралғанда;

– шетелден елге оралған Қазақстан азаматтары;

– басқа аймақтардың тұрғындары 22 наурыз 00.00-ге дейін кеткен кезде;

– елден кететін, сондай-ақ әуе көлігімен жүретін шетелдіктер;

– шетелге емделуге кеткен қазақстандықтар растайтын құжаттарды ұсынған кезде;

– елдің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері;

– әуе және теміржол транзитімен жүрген Қазақстан азаматтары;

– поездар және локомотив бригадаларының мүшелері, әуе кемелері экипаждары, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүк көлігінің жүргізушілері;

– қала маңында тұратын және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ осы қалаларда тұратын, бірақ жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Ақмола және Алматы облыстарында тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде жұмыс істейтін тұрғындар.

Барлық ерекше істерді қалалық штаб жеке қарастырады.

Шектеу жағдайында тыйым азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, дәрі-дәрмектер, қажетті заттар жеткізетін көлік құралдарына, сондай-ақ жүк және транзиттік тасымалдаумен айналысатын көлік құралдарына қолданылмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Мира Нуралыкызы :

    Химиотерапия алатын адамдар калай болады?
    Меным анамнын 31 емдеу квотасы дайын Быз не ыстеймыз енды блок поста оту ушын кандай кужат керек?!

Жауап қалдыру