Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интерполда жаңа президент сайланды

Түркияда Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Бас Ассамблеясы – Интерполдың 89-шы сессиясы өтіп жатыр, онда қазақстандық делегацияны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев басқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ассамблеяның соңғы күні осы ұйымның Атқарушы комитетіне басшы лауазымдарға сайлау өтті. Интерполдың жаңа президенті болып көпшіліктің дауысымен Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Ахмад Насер Әл-Рейси сайланды.

Сонымен қатар, делегациялар өкілдерінің жалпы дауыс беруі арқылы Микронезия Федеративтік Штаттары Интерполдың жаңа 195-ші мүшесі болды.


Сессияның қорытынды күнінде ұйымның ағымдағы және келесі екі жылға арналған қаржы бюджеті қаралып, жұмыстың жаңа әдістері, оның қызметінің негізгі бағдарламалары және қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы күрестегі өзара іс-қимылдың өзге де өзекті мәселелері талқыланды.

Ерлан Тұрғымбаев Интерполдың жаңадан сайланған президенті Ахмад Насер Әл-Рейсимен екіжақты кездесу барысында ынтымақтастық, оның ішінде трансұлттық қылмысқа, заңсыз көші-қонға, адам саудасына қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді ұстау, киберқауіпсіздік, ақпарат алмасу және басқа да мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Ахмад Насер Әл-Рейси Қазақстанның Ішкі істер министрін келесі жылдың ақпан айында БАӘ-де өтетін жыл сайынғы полиция көрмесіне шақырды.

Көрме полиция қызметінде қоғам қауіпсіздігіне арналған жаңа жабдықтарды, технологиялар мен материалдарды көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтарды қорғау және оларға көмек көрсету, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру салаларына арналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру