Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясын ақ ленталар таратудан бастады

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясын ақ ленталар таратудан бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясын ақ ленталар, балалардың суреттері мен буклеттер таратудан бастады. Облыстық және қалалық полицияның әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлініс қызметкерлері петропавлдықтарға отбасында зорлық-зомбылық фактілері орын алған жағдайда жасырмауды ерекше форматта түсіндірді.

Көшелерде, сондай-ақ ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде полицейлер қалалықтардың қолдарына ақ лента байлауды ұсына отыра, буклеттер мен жадынамалар таратты.

Осындай атаумен акция алғаш рет 30 жыл бұрын Канадада өткізілген. Әйелдерге қатысты ерлердің зорлық көрсетулерін тоқтату мақсатында мыңдаған канадалықтар қолдарына ақ матадан лента байлап шыққан. Содан бері бұл акция халықаралық болып кеткен.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жыл сайын ұйымдастырылатын “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы қарашаның 25-нен желтоқсанның 10-на дейін өткізіледі.

Басты мақсат – отбасындағы проблемаларға шыдауға болмайтынын, көмек сұрап, кеңес алу үшін полицейлерге, “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігіне, психологтарға жүгіну қажеттілігін халыққа жеткізу.СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, СҚО полицейлері жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқыққа қарсы әрекет үшін 2391 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 617-сі әкімшілік қамауға алынған. Отбасылық жанжалқойларға қатысты екі мыңнан аса қорғау ұйғарымдары шығарылып, 166-ы жауапқа тартылған.

Егер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналсаңыз, тұрғылықты мекенжай бойынша полиция бөліміне шұғыл түрде жүгінуге немесе “102” арнасына қоңырау шалуға болатыны жайлы СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі еске салады. Облыс орталығының тұрғындары: 8 (7152) 39-48-56; 61-25-30 телефондары арқылы немесе App Store және Google Play-ді жүктеу үшін қолжетімді, ІІМ-нің “102” ресми қосымшасын пайдалану арқылы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісіне тікелей жүгінуге болады. Сонымен қатар, Петропавл қаласы Полиция басқармасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелеріне арналған “Между нами говоря” @t.me/mejdunamigovory Telegram-каналы жұмыс істеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру