Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қарлығаштар орала ма”: ІІМ мұражайы жаңа кітаппен толықты

ІІМ мұражайының қоры “Қарлығаштар орала ма?” деп аталатын кітаппен толықты. Отставкадағы полиция полковнигі Қанат Кәренов бұл еңбегін қазақтың танкшы қыздарына арнаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екінші дүниежүзілік соғысқа Қарағанды облысынан аттанған төртеу туралы көпшілік білмейді. Ішкі істер органдарының ардагері зейнетте бос жатпай, тарихты түгендеуге ден қойған. Қазақстан мен Ресей мұрағаттарын көтеріп, ақпарат жинап, кітап шығарды. Өз еңбегін тергеу департаменті мен дипломатиялық өкілдіктерді қорғау бойынша полиция полкінің жас мамандарына таныстырды.

Қарағандылық қаракөз танкшылар туралы ақпарат көпшіліктің қызығушылығын тудырған. Сиясы кеуіп үлгермеген кітап желісі бойынша киносценарий жазылыпты. “Батыр қыздар туралы “Қазақфильм” киностудиясы тарихи фильм түсереді”, – дейді автор. Үнемі ізденіс үстінде жүретін бұрынғы тергеушінің бұл ісі көпке үлгі.

Шара соңында ұйымдастырушылар кітап авторы, отставкадағы полиция полковнигі Қанат Кәреновке “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісі мен ведомство басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаевтың атынан алғыс хат табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру