Қарттарға құрмет көрсетілді
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының полицейлері "Дүниежүзілік мүгедектер күніне" орай ардагерлерге құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
3 желтоқсан "Дүниежүзілік мүгедектер күніне" орай Қармақшы ауданының полицейлері ардагерлердің үйлеріне барып, сый-сияпаттарын табыс етті.
Полиция қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Есет Назарқұловпен бірге ішкі істер органдарының зейнеткерлері Берікбай Байжанов пен Анна Жуйкованың үйлеріне барып, оларға сыйлықтар мен азық-түлік табыстады.
Ардагерлер өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, баталарын берді.