Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қару» іс-шарасы: Шымкентте 11 құқықбұзушылық анықталды

Шымкентте Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 4 қазан мен 4 қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 156 қару иелерін тексерді. 11 құқықбұзушылық анықталды. Екі қару және бір оқ дәрі тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айта өтетін ақпарат, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 4-қарашаға дейін жалғасатын болады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру