«Қару»: Шымкентте 146 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды
Шымкентте «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 146 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департамент бастығының бұйрығына сәйкес қала аумағында жедел жағдайды сауықтыру, отты атыс қарумен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында 17 мамырдан бастап «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
“Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қазірдің өзінде Шымкент қаласы аумағында тіркелген 6 281 қару иесінің (8 071 қару) 5 211-і тексеріліп, тексеру нәтижесі 82,9%-ды құрады.
Тексеру барысында 146 әкімшілік құқық бұзушылық жайыттары анықталып, оның 40-ы сақтау ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен), 106 тіркеу ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабымен) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған сәйкес 66 бірлік тіркелген қару тәркіленіп, уақытша сақтауға жолданды.
Заңсыз айналымнан 16 бірлік қару және 46 дана оқ-дәрі тәркіленіп алынды. Олар: екі дана тегіс ұңғылы қару, сегіз дана травматикалық тапанша, алты дана газды тапанша.
Айта кетейік, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 17 маусымына дейін жалғасады.