Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да күзет құрылымдарының қызметкерлері 80-нен астам құқық бұзушылықты анықтады

СҚО-да күзет құрылымдарының қызметкерлері 80-нен астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық пен өзге де мүліктік қылмыстардың қалай алдын алу –полицейлер, күзет құрылымдарының қызметкерлері мен ПИК төрағалары әңгімесінің тақырыбына айналды. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде жұмыс кездесуі шеңберінде қылмыстық қолсұғушылыққа тосқауылды ұйымдастыруда өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды. 17 жеке күзет ұйымының 32 экипажы тәулік бойы дабыл сигналдарына әрекет етеді. Бұл қылмыстардың, әсіресе ұрлықтың алдын алуға ықпалын тигізеді. Жыл басынан күзет қызметкерлерінің көмегімен 12 ұрлықтың жолы кесілді, 80 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Солтүстік Қазақстан облысында мыңнан аса пәтер мен үй орталықтандырылған бақылау пульті арқылы күзетке қосылды.

– Жалпы күш біріктірсек қылмысқа тосқауыл қойып, оның өсуіне қарсы тұра аламыз, оның ішінде азаматтар мүлкінің сақталуын қамтамасыз ете аламыз, – деп жұмыс кездесуін ашқан СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Сонымен қатар құқықтық тәртіпті нығайтудың пәрменді тетігі подъездер мен аулаларда бейне камера орнату болып табылады. Мұны ПИК өкілдері де растап отыр.

– Подъездерде, кіреберістерде, барлық жерде бейнебақылау тартылды, Горький көшесінде полиция пункті үшін бөлме жабдықталды, сервер орнатылды, барлық бес қабатта, кіреберістерде және шыға берістерде не болып жатқанын толық көруге арналған бейнекамера тұр. Әйелдер өз қол арбаларын далада қалдыра алады, енді оларды ешкім ұрламайды да алмайды, – “Мечта СК” ПИК төрайымы Раиса Хроменко.

Сонымен қатар, жыл басынан облыста 230 пәтер ұрлығы тіркелді. Сондай-ақ, жиналысқа қатысушылар күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қарастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру