Қару-жарақты көлігімен тасымалдаған қарағандылық ұсталды
Қару-жарақты көлігімен тасымалдаған қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 маусымда Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 33 жастағы жігіттің көлігінен қару тапты. Көлікті тексеру кезінде полицейлер травматикалық және пневматикалық екі тапанша, тегіс ұңғылы аңшы мылтығының 50 патроны және аңшы пышағын тапты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.