Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желілерде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған ақмолалық жігіт анықталды

Әлеуметтік желілерде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған ақмолалық жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Ағымдағы жылдың 26 маусымында Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері өзінің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратып және жарнамалай отырып, әйелдерге қызмет ұсынған облыс орталығының тұрғынын анықтады.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Жігіт әлеуметтік желіде бүркеншік атты қолдана отырып, сауалнаманы, жеке интимдік фотосуреттерді орналастырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер, атап айтқанда, ер адамның профилі тіркелген телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру