Қаруды заңсыз сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны анықталды
Қаруды заңсыз сақтаған Темір ауданының тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында алынған жедел ақпарат бойынша Темір ауданының 31 жастағы тұрғынынан тіркелмеген аңшылық мылтықты тауып алып, тәркіледі.
Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материалдарды сотқа жіберді.
Полиция департаменті заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.