Қарыз төлемеу үшін Ресейде жасырынып жүрген шығысқазақстандық ұсталды
Борышкер қарызды төлемеу үшін Ресей Федерациясында жасырынып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметі жұмысының бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздестіру болып табылады. Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызды төлемегені үшін сот орындаушыларынан жасырынып, қарыздарын төлемеген 100-ден астам адамды анықтады. Борышкерлер төлем жасамау үшін тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар оның аумағынан тыс жерлерде де жасырынып жүреді.
– Мәселен, 2021 жылғы 18 маусымда Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының 45 жастағы азаматы анықталды. Ол қарызды уақтылы төлемеу үшін көрші мемлекеттің аумағында екі жылдан астам уақыт бойы тұрған, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізу келіп түскеннен кейін көші-қон қызметінің қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында борышкерді анықтап, қарызды өндіріп алу үшін сот орындаушысына ақпаратты жолдады.
ШҚО ПД көші-қон қызметі борышкер қарызды төлеуден қасақана жалтарған жағдайд ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Алимент төлеуші төлем жасаудан жалтарған жағдайда оған ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.