Қасақана өртеу: автотұрақтардың бірінде 8 автокөлік жанып кетті
Түркістан облысында күдікті Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінің айыппұл тұрағындағы автокөліктерді өртеп жіберген.
Өрт туралы хабарлама өртке қарсы қызмет пультіне сағат 05:55-те келіп түсті. Барлық қажетті шаралар іске асырылып 8 минуттан кейін өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады, яғни сағат 06:38-де өрт сөндірілді. Бұл оқиғада зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Тұрақта барлығы 39 автокөлік болған.Өрт салдарынан сол 8 автокөлікке материалдық шығын келтірілген. Күдіктінің іс-әрекеті тұрақ аумағында орналасқан бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған.
Ер адамның жеке басы анықталды, ол Сайрам ауданы Манкент ауылының тұрғыны болып шықты. Тәртіп бұзушыны полиция қызметкерлері ұстап, көлігін құжатсыз, мас халде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, автокөлігі айып тұрағына қойылған болатын.Ал, күдікті болса, түнгі уақытта қоршаудан өтіп, өз автокөлігіне келіп, оны өртеп, оқиға орнынан бой тасалаған.Жедел-іздестіру жұмыстары барысында ер адам аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігі (бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша жүргізілуде.