Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Ақтөбе облысында өткізілген «Тұрмыс» жедел-алдын алу операциясының нәтижесінде екі күн ішінде айтарлықтай әкімшілік құқық бұзушылықтар әшкереленді. Шара аясында тұрғылықты жерлерде тексеру ұйымдастырылды,-деп хабарлайды polisia.kz.

Отбасылық және тұрмыстық қатынастар бұзушылықтардың, маскүнемдік қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінде есепте тұрған адамдарды тексеру мақсатында Ақтөбе облысының аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу шаралары өткізіліп жатыр.
Іс-шараның екі күнінде облыс полициясы тұрмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық сұхбат жүргізе отырып, тіркелген 1 мыңнан астам адамның тұрғылықты жерінде тексеру ұйымдастырды. Отбасының, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өмір сүру жағдайларындағы оқыс оқиғаларды болдырмау және тексеру мақсатында облыстағы ювеналды полиция қызметкерлері 137-ге жуық отбасылық-тұрмыстық қатынастары бұзылған жанұяларды тексерді.

Іс-шара барысында полиция инспекторлары 200-ден астам әкімшілік құқық
бұзушылықтың алдын алды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар
саласындағы 39 заңсыз іс-әрекеттері үшін, ІІБ-де -224 адам анықталып, тіркелді, оның ішінде 142 жанжал шығарушылар бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру