Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз қала»: Павлодар полицейлері 300-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Павлодар полицейлері «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 300-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында Павлодар қаласында «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

– Нәтижесінде полиция қызметкерлері 362 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 208-і жол қауіпсіздігі бойынша, 89 адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкен, тағы 53-і ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталған. Түрлі заң бұзушылықтар үшін арнайы айыппұл тұрағына 19 автокөлік орналастырылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрғали Омарбеков.

Мысалы, Мира көшесіндегі көтерме сауда дүкені бөлімдерінің бірінде 35 жастағы сатушы заңнамада белгіленбеген уақытта көлемі 0,5 литр, құрамында 40% алкоголь бар 12 дана алкоголь өнімін сатты, осылайша алкоголь өнімін өткізу саласындағы заңнаманы бұзды. Аталған факті бойынша бөлім иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ патрульдеу кезінде полицейлер электрошокер тасмалдаған екі павлодарлықты ұстады. Әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Ал аталған іс-шараны өткізу барысында сағат 01:27 шамасында Павлодар қаласы полициясында «өзіне қатысты әкімшілік қадағалау орнатылған адам» санаты бойынша профилактикалық есепте тұрған адам ҚР ӘҚБтК 480-бабы бойынша бұзушылыққа жол берген. Әкімшілік қадағалауды бұзғаны үшін құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру