Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрылыс нысанынан мыс сымдарды ұрлаған шымкенттік анықталды

Құрылыс нысанынан мыс сымдарды ұрлаған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 6 шілдесінде Қаратау АПБ-ның “102” нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу Бәйдібек би даңғылының бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс нысанынан жалпы құны 125 000 теңге тұратын мыс сымдарын ұрлағанын көрсеткен.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы күдікті анықталып, ұсталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру