Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентік тұрғын оңай ақшаға кенелмек болып, алаяққа ұрынды

Шымкентік тұрғын оңай ақшаға кенелмек болып, алаяққа ұрынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 6 шілдесінде Қаратау АПБ-ның “102” нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Онда белгісіз біреу абоненттік нөміріне “Whats app” желісі арқылы қоңырау шалып, ұтыс тігістен ақша көтеріп беремін деп 87 000 теңгесін аудартып алғанын көрсеткен.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілген. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру