“Қауіпсіз жол” айлығы: Алматы полициясында жиі кездесетін ЖҚЕ бұзу оқиғалары айтылды
Алматы полициясында жиі кездесетін ЖҚЕ бұзу оқиғалары айтылды, – деп хабарлады Polisia.kz
Еске салайық, Алматыда осы жылдың 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында жол-көлік оқиғаларының және оның салдарларының ауырлығын алдын алуға және азайтуға бағытталған “Қауіпсіз жол” республикалық айлығы өтуде.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалауға, дұрыс қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністерді дер кезінде алдын алуға және жолын кесуге ерекше назар аударады. Сонымен қатар, қоғамдық көліктер арасында жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Бұл күндері шаһар жолдарында 23 284 жол ережесін бұзу дерегі анықталды.
Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабымен – 19 794, дәл осы Кодекстің 590-бабы 9-бөлігі бойынша – 572, 615-бабымен – 544, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабымен – 497, 606-бабы– 361, 593-бабы 1-бөлігімен – 192, 599-бабымен – 124, 600-бабымен -124, 608-бабымен – 73, 596-бабы 3-бөлігі бойынша – 54, 591-бабымен – 53, 612-бабы 1-бөлігімен – 34, 590-бабы 4-бөлігімен – 25, 590-бабы 7-бөлігі бойынша – 23, 612-бабы 3-бөлігімен 9 құқық бұзушылық анықталды.
Мамандандырылған айыппұл тұрағына 404 көлік орналастырылды.