Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол»: Ақмола полицейлері ЖҚЕ бұзудың 691 фактісін анықтады

Ақмола полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 691 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 20-22 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері ЖКО-ның өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған көшелерде, жолдың жүру бөлігінде және іргелес аумақтарда рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің алғашқы күні ақмолалық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 691 фактісін анықтады. 19 жүргізуші мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін, оның ішінде ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдарды басқарудың 21 фактісі анықталды. 52 жүргізуші жылдамдық режимін бұзды. 110 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін жауапкершілікке тартылды. 37 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзды. 3 азамат өз көліктерін заңсыз қайта жабдықтаған. Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережесін 62 рет бұзған. Көлік жүргізу кезінде 43 жүргізуші телефонмен сөйлесуге жол берді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 126 шақырым апаттық-қауіпті учаскелер тексеріліп, қосымша 18 белгі қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру