Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да арнайы операция: кәсіпкерден ақша бопсалаған ҰҚТ мүшесі ұсталды

ШҚО-да кәсіпкерден ақша бопсалаған ҰҚТ мүшесі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бопсалаумен айналысқан ҰҚТ мүшелерінің бірінің құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді.

Полиция департаментінің жедел уәкілдеріне бұған дейін бірнеше мәрте сотталған облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың қыркүйек айының басынан бастап шаруа қожалығының иесінен қорқытып 30 млн.теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалап жүргені туралы ақпарат келіп түсті.
Арнайы бөлімшелердің күштерін тарта отырып, жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде аталған күдікті ақшалай қаражатты алған сәтте тікелей ШҚ аумағында ұсталды. Тінту барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын заттай дәлелдемелер алынды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:

– Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оның әрекеттері жеті жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сараланады.

Ведомствода шағын және орта бизнесті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру