Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға жүгінді

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

– Бұл үндеу көбінесе көлік құралын басқаратын қаланың жүргізушілер құрамына арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарындағы қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Анықтама үшін: Алматы қаласы ПД Жедел басқару Орталығының мәліметі бойынша, бүгін таңертеңгі 08:00-ден бастап “102” пультіне жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама келіп түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру