Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол»: Ақмолада ЖҚЕ бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды

Ақмолада «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ 4-8 наурыз аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Ақмола облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 951 фактісін анықтады. Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша 37 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Басқару құқығынан айырылған адамдардың мас күйінде көлік құралын жүргізудің үш фактісі, басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын жүргізудің 40 фактісі анықталды. 312 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Көлік құралын басқару кезінде облыстың 131 тұрғыны телефонды пайдаланды. Тәртіп сақшылары маневр жасау ережелерінің 78 бұзушылығын анықтады. Екі жүргізуші қарсы жолаққа шығып, 31 жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін, ал 58 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Жаяу жүргіншілер 280 жол ережесін бұзды. Жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде, мамандандырылған тұраққа 71 бірлік көлік құралы орналастырылды. Бұдан басқа 88 км авариялық-қауіпті учаскелер тексерілді, 49 жол белгілері қалпына келтірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру