«Қауіпсіз жол»: Ақтөбе облысында 4 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді
Ақтөбе облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында төрт мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 23-30 маусым аралығында полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері облыстың автожолдарында төрт мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады.
Олардың ішінде 45 мас жүргізуші, 522 белгіленген жылдамдықты арттыру фактісі, 39 қарсы жолаққа шығу және 79-і бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту фактілері бар. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың барлығы жол апатына әсер етеді.
Бұдан басқа, бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 12 жүргізуші анықталды.