Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол”: Ақтөбе облысында 4 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді

Ақтөбе облысында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы барысында төрт мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 23-30 маусым аралығында полиция қызметкерлері “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Осы кезеңде полиция қызметкерлері облыстың автожолдарында төрт мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады.

Олардың ішінде 45 мас жүргізуші, 522 белгіленген жылдамдықты арттыру фактісі, 39 қарсы жолаққа шығу және 79-і бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту фактілері бар. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың барлығы жол апатына әсер етеді.

Бұдан басқа, бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 12 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру