«Қауіпсіз жол»: Ақтөбе облысында 7 мыңнан астам ЖКЕ бұзу фактілері тіркелді
Ақтөбе облысында он күнде жеті мыңнан астам ЖКЕ бұзу фактілері тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібін алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 17 мамыр мен 16 маусым аралығында жол қауіпсіздігіне әсер ететін ЖҚЕ «өрескел» бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасының он күнінің қорытындысы бойынша жол қозғалысы саласындағы жеті мыңнан астам бұзушылықтың жолы кесілді.
Оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығы ережелерін бұзғаны үшін 896 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 62 фактісі, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 85 фактісі, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 623 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, ЖҚЕ бұзғаны үшін 1000-нан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің 89 фактісі анықталды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолдардағы өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды тағы бір рет ойлануға және еске алуға шақырады.