Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол»: Ақтөбе облысында жол ережесін бұзудың 9 мыңға жуық дерегі анықталды

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің 15 күнінде Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жол ережесін бұзудың тоғыз мыңға жуық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібінің алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 17 мамыры мен 16 маусымы аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері полицейлер жол қозғалысы саласындағы тоғыз мыңға жуық бұзушылықтың жолын кесті. 1 211 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткен, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген 70 жүргізуші анықталды, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 79 фактісі анықталды, 444 жүргізуші жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермегені үшін әкімшілік тәртіппен жазаланды, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 1 169 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің 176 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру