Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол»: Түркістан облысында ЖҚЕ бұзған 5 мыңға жуық жүргізуші анықталды

Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында бес мыңға жуық жол-қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастыру.

Аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД қызметкерлері 4 868 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 131-ін қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. Тәртіп сақшылары көлік құралын мас халде басқару бойынша 29 жайтты анықтады.

152 жүргізуші жылдамдықты арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 13 жайт, маневр жасау ережелерін бұзушылардың 182 жайты және бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өту бойынша 54 деректі анықтады. Сондай-ақ көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 437 жүргізуші жазаланды және 92 жүргізуші қауіпсіздік белдіктерін тақпағаны анықталды. Оған қоса 114 жүргізуші жаяу жүргіншінің жүрісіне басымдық бермегені үшін және 802 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған үш жүргізуші анықталды. Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті заңсыз жабдықтаудың 55 жайтын және техбайқаудан өтпеген 429 деректі, көлік құралын рейс алдындағы тексеру мен медициналық тексеруден өтпеген 11 жайтын, алты заңсыз жолаушы тасымалдау дерегін анықтады.

Одан бөлек, Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қатысушылар арасында жолда жүру қауіпсіздігі бойынша сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, екі мыңнан астам жол қозғалысы ережесі жазылған ескертпе қағаздарын таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру