Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ: ШҚО-да 6 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

ШҚО-да алты мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың 14-21 шілдесі аралығында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған, оның ішінде: мас күйде көлік құралдарын басқару, жылдамдық режимі, басып озу, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстап тұратын  құрылғыларды  пайдалануға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Осылайша, Өскемен қаласында «Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында ағымдағы жылдың 19 шілдесінде түскі үзіліс уақытында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Hyundai» маркалы көлік құралын басқара отырып, Жеңіс-Чехов көшелерінің қиылысында, екі жақты қозғалысты жолда белгіленген жол белгілеріне қарсы қозғалысқа арналған жолға шығып кеткен қала тұрғынын тоқтатты. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінің 9.2; 1.5.2- ҚР ЖҚЕ тармақтарын бұзған. Аталған материал одан әрі қарау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 17 шілдесінде тәртіп сақшылары сағат 01:50 шамасында «Екпін-Ақсуат» тас жолын патрульдеу кезінде, медициналық куәландыру актісіне сәйкес, «ВАЗ» автокөлігін мас күйінде басқарған  Ақсуат ауылының 30 жастағы тұрғынын тоқтатты. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.«Қауіпсіз жол» ЖПІШ өткізудің өткен кезеңінде 6 500 астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

мас күйінде көлік құралын  басқару – 51;

– телефон пайдалану-601;

– қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу – 28;

– жаяу жүргіншілер өткелінен өту – 457;

– жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуы-1443.

164 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 99 автокөлік арнайы тұраққа қойылып, 65  автокөліктің  мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері алынды.

Құрметті жүргізушілер – өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру