Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ: Түркістан облысының екі ауданында 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысының екі ауданында 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-19 сәуір аралығында Сарыағаш пен Келес аудандарында жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын төмендету және жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында полицейлермен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Мұнда тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін тақпау және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді анықтауға назар аударуда.

Аталған профилактикалық шара барысында Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонымен – 489, Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлерімен – 412, келестік полицейлермен 360 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде алты жайт мас күйде көлік басқарған жүргізушілерге қатысты.

Осы азаматтарға қатысты медициналық сараптама тағайындалып, олардың мас күйде екені анықталған. Содан соң ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданған.

Сонымен қатар, қозғалыстың қарсы бағытына шығудың төрт жайты, авариялық жағдай туындатудың тоғыз жайты, жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген бір жайт анықталған. Ал заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан бір азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Көлік басқару кезінде телефон қолданған 127 жүргізуші анықталып, тиісті шара көрілді. Оған қоса қауіпсіздік белдігін тақпаған 325 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген 30 көлік жүргізушісі анықталған. Айыптұраққа 135 автокөлік қойылған. Жолдардың авариялық учаскелерін анықтау және жол белгілерін орнату бойынша Сарыағаш пен Келес аудандарында қажетті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 30-дан астам жол белгілері орнатылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру