Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда күзет қызметі кәсіпорыннан жасалған ұрлықтың алдын алды

Рудныйда күзет қызметі кәсіпорыннан жасалған ұрлықтың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 сәуірде Рудный қаласының бір кәсіпорнының күзет қызметі аумақта жасалған ұрлықтың алдын алды. Рудныйлық 400 мың теңгелік құны бар құрылғыны ұрлауға тырысқан. Бекетте кезекшілікте жүрген Рамиль Шакирьянов пен Бегалы Бертаев Volkswagen автокөлігін байқаған.

32 және 35 жастағы екі қызметкер жұмыстан тыс уақытта келген. Шахталар аймағында олар микроавтобуста құрылғы салынған қорапты жасырып, ұрланған заттарды алып кетуге тырысқан. Көлікті тексеру кезінде күзет шахтаның жарықтандырғышын тапты.

Әрі қарай күзетшілер іргелес аумақты тексеру кезінде, кюветте осындай бірдей екінші құрылғыны көрді.

Жыл басынан бері осы ірі кәсіпорында күзет қызметтерінің қырағылығының арқасында төрт ұрлықтың алды алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру