«Қауіпсіз жол» ЖПШ: Қарағанды облысында 3735 заң бұзушылық анықталды
Қарағанды облысында «Қауіпсіз жол» ЖПШ жұмысы басталғалы бері 3735 заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында 8-17 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы акцияның төрт күнінде 3735 жол ережесін бұзу фактісі анықталды.
Мәселен, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзғаны үшін 328 жүргізуші, телефон пайдаланғаны үшін 224, жаяу жүргіншіге жол бермеген 62 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер тарапынан 405 ереже бұзушылық тіркелді. Сондай-ақ, профилактикалық мақсатта полицейлер 1415 дана парақшалар мен буклеттер таратып, 800 шақырым қауіпті жол учаскелері тексерілді.