Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатысуымен 66 қылмыс ашылды

Павлодар облысында полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатысуымен 66 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында жылдың басынан бері полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатысуымен 66 қылмыс ашылып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 720 адам ұсталды.

— Біздің басты міндеттеріміздің бірі – халықпен жақындасу. Сенім бар, мұны қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтардың саны жыл сайын өсіп келе жатқандығы дәлелдейді. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін жыл басынан бері полицияның қоғамдық көмекшілері қатарына 60 адам тартылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың саны 1158 адамды құрайды, оның ішінде 338 қоғамдық құрылым. Полицияның қоғамдық көмекшілері жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде рейдтік іс-шараларға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар да, ересектер де жасайтын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға белсенді қатысады.

Тәртіп сақшысы жыл сайын ПД құқықтық тәртіпті қорғауға белсенді қатысатын азаматтарды марапаттайтынын атап өтті. Осы мақсатқа ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 6 млн. 900 мың теңге бөлінді.

Биылғы жылы қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны, қылмыстарды ашуға жәрдем көрсеткені үшін 290 полицияның қоғамдық көмекшісі жалпы сомасы 5 млн. 162 мың теңгеге ақшалай сыйақымен, тағы 13 азамат грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру