Қауіпсіздік белдігін тақпаған 4 мыңнан астам павлодарлық жауапқа тартылды
Павлодар облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған төрт мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар өңірінде жыл басынан бері 4 300-ге жуық жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Мысалы, Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Теплов көшесі бойынша патрульдеу кезінде 32 жастағы жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған Mitsubishi Lancer маркалы автокөлікті тоқтатты. Аталған бұзушылық үшін ер адам Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 593-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.