Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қауіпсіздікті арттыру: "102" мобильді қосымшасы мен "SOS" батырмаларының тиімділігі

Қызылордада құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған “102” арнасы мен “102” мобильді қосымшасы жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда облыс орталығында азаматтар көп шоғырланатын орындарда "SOS" дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылған. Сонымен қатар Қызылорда қалалық полиция басқармасы заманауи техникамен толықтырылып отыр.

“SOS” түймесін басу арқылы тәулік бойы жедел басқару орталығына бейнеқоңыраулар түседі. Құрылғылар бейнебақылаумен жабдықталған, бұл кезекші бөлім қызметкеріне оқиғаны өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді. Құрылғы жерден бір метр биіктікте орналасқан, оны тіпті балалар да пайдалана алады.

Бұл жүйе омниканалдық платформада жұмыс істейді және сапалы қызмет көрсетудің жаңа әрі тиімді құралы саналады. Қосымшаны кез келген мобильді құрылғыға "AppStore" немесе "PlayMarket" арқылы жүктеуге болады. Қосымшасының көмегімен азаматтар полицияға кез келген құқық бұзушылық туралы аудио және бейнеқоңыраулар арқылы хабарлама жібере алады. Оператор қоңырау шалушының орналасқан жерін автоматты түрде анықтап, ұялы телефон камерасы арқылы оқиға орнын көреді. Сондай-ақ шұғыл әрекет ету шаралары мен көмек көрсету мүмкіндігі бар.

Егер сіздің немесе басқалардың қауіпсіздігіне немесе өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын байқасаңыз, басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстың куәсі болсаңыз немесе күдікті адамды байқасаңыз, полицияға дереу хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру