Қазалыда пробация есебіндегі жасөспірімге көмек көрсетілді
Қазалыда пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған балаға көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Агро-Өркен» ЖШС мен пробация қызметкерлері есепте тұрған кәмелет жасқа толмаған балаға қайырымдылық көмек көрсетті.
– Жуырда аудандық пробация қызметінің есебіне кәмелет жасқа толмаған бала ҚР ҚК 106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) істі болып, бір жыл шартты түрде сотталған бала есепке алынды. Оның тұрмыс жағдайын зерделеу барысында жағдайы төмен екендігі анықталып, азық-түліктей көмек көрсетілді. Қазіргі таңда заңды өкілінің қатысуымен бұл жасөспіріммен психологиялық, тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізілуде. Жастықпен аңдамай басқан қадамының соңы жаза екендігін түсіндіріп, қайта қылмыс жасамауының алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілетін болады, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы Е. Сражатов.
– «Агро-Өркен» ЖШС-нің басшысы мен пробация қызметкерлеріне алғыс айтамын. Тұрмыс жағдайыммен танысқан пробация қызметкерлері тез арада көмек көрсетті. Жасаған қылмысыма қатты өкінемін. Енді түзелу жолына түсіп, өзімнен кейінгі іні-қарындастарыма үлгі болғым келеді, – деді есептегі жасөспірім.