Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан азаматтығын алған ер адам келестік көші-қон полицейлеріне алғыс білдірді

Қазақстан азаматтығын алған ер адам келестік көші-қон полицейлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға ниет білдірген адамдарға заңға сәйкес үнемі көмек көрсетіп отырады. Мысалы, Өзбекстан Республикасының азаматы Валихан Исмайлов өз елінен тіркеуден шығып, Қазақстандағы Келес ауданы Ошақты ауылына келіп қоныстанып, тіркелген. Содан ҚР азаматтығын алуға құжаттарын тапсырады.

Қазақстандық болғысы келетін тұрғынның құжаттарын Келес АПБ Көші-қон қызметі тобының инспекторы Бекзат Бекжанұлы қабылдап алып, заңда көзделген мерзім ішінде жұмыс атқарады. Құжаттар жинақталып, тиісті сатылардан өткеннен кейін Валихан Исмайловқа «ҚР азаматтығы туралы» ҚР Заңының 16-1-бабына сәйкес құжаты жасалып берілді.

Өз кезегінде ер адам полиция қызметкері Бекзат Бекжанұлының мінсіз жұмысына, кәсіби шеберлігіне риза болып, оған ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға, егде жастағы жүріп-тұруы қиын қарияларға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильдік топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Ең басты мақсат – халыққа қолайлы қызмет ұсыну болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру