Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй аламын деген өскемендік алаяққа алданды

Үй аламын деген өскемендік алаяққа алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 8 мамырында Өскемен қаласының Ертіс ПБ “102” жедел арнасына 24 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, бейтаныс жігіттің Мирный кентінде орналасқан бақша қоғамындағы саяжай үйін сатып аламын деп, ұялы қосымша арқылы абоненттік нөмірге 500 мың теңге аударып, алданып қалғанын жеткізген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде “жедел ізге түсумен” криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру