Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамға айыппұл салынды

Павлодар облысында жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 17 мамыр мен 16 маусым аралығында Павлодар облысының аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– Рейдтік іс-шара барысында тәртіп сақшылары Ертіс ауылы Желтоқсан көшесінде Audi-80 маркалы автокөлігін басқарған ауыл тұрғынын тоқтатты. Полицейлер жүргізушінің ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза тағайындаумен және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырумен бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Бұл жолы полицейлер ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 612-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғады, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Ертіс аудандық сотының қаулысымен жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 102 095 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру