Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан ІІМ делегациясы Грузияға барды

Қазақстан ІІМ делегациясы Грузияға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің делегациясы Грузияның ішкі істер министрлігінде болды. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің кадр қызметі мен ведомстволық оқу орындарының қызметкерлері өздерінің грузин әріптестерінің ведомстволық білім беру жүйесін ұйымдастыру мәселелерін зерттеді.

Атап айтқанда, қазақстандық құқық қорғаушылар Грузияның ІІМ Академиясы, ІІМ қызмет көрсету агенттігі, Бірыңғай сервис орталығы және Грузия ІІМ орталық аппаратының бірқатар департаменттерінің қызметімен танысты. Сондай-ақ, осы сапар барысында Тбилиси қаласының Полиция департаментіне, 112 қоғамдық Қауіпсіздік басқармасының Жедел орталығына бару жоспарлануда.

Бұл сапар БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп іске асырылып жатқан «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын реформалауға жәрдемдесу» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Халықаралық ұйым шетелдік сарапшыларды тарта отырып іске қосқан реформалау жөніндегі жоба бойынша Қазақстан ІІМ орталық аппараты мен ведомстволық білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін кадр саясаты мен кәсіби даму, қоғам мен полиция арасындағы сенімді арттыру және нығайту саласындағы озық практикаларды зерделеу бойынша тренингтер өткізілді.

Полиция қызметкерлері үшін қашықтықтан оқыту платформасын әзірлеу, еліміздің ІІМ жоғары оқу орындарында даярлаудың оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар, сапар аясында кадрлық процестерді автоматтандыру бойынша халықаралық және озық тәжірибелермен танысу бағытындағы іс-шаралар қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру